Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти еліміздің бас мешітіндегі айт намазына қатысты (ФОТО)

17.07.2015 3816 0 пікір

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде ораза айт намазы оқылды. Таң атысымен «Әзірет Сұлтан» ағылған халықтың көптігі соншалық, құлшылық ордасының ауласында да иін тіресіп, сап түзеген жамағаттың саны да бірнеші мыңның үстінде болды.

Айт намазы оқылмастан бұрын жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы уағыз айтып, халықты тек рамазан айында ғана құлшылыққа көңіл бөліп, кейіннен күнәлі істерге бой алдырудан сақтандырды. Сонда-ақ, қасиетті айда ғана қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, рамазан аяқталған соң мұқтаж жандардың ұмытып кетпеуге үндеді.

Еліміздің бас мешітіндегі ораза айт намазына қатысқан ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміз бен жеріміздің амандығын тілеп, жамағатпен бірге жаратушы Иемізден дұға тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру