Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Байқауға байланысты баспасөз мәслихаты өтті (ФОТО)

16.07.2015 3573 0 пікір
Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің мәжіліс залында ҚМДБ-на қарасты «Хикмет» телерадио студиясының Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған деректі фильмдер байқауына байланысты баспасөз отырысы болып өтті. Оған ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, «Хикмет» телерадио студиясының директоры Ерболат Айтбайұлы қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, қазақ қоғамына еңбегі сіңген тарихи қайраткерлерге арналған бейне өнімдерді қабылдау қыркүйек айының 7-жұлдызына дейін жалғасатын болады. Сайыс қорытындысы Құрбан айт мейрамына орай ұйымдастырылатын мерекелік шара барысында жарияланып, жеңімпазға көлік кілті табысталатын болады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру