Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ержан қажы Малғажыұлы: Дұға-тілектеріміз бен ізгі амалдарымыз қабыл болсын! (ВИДЕО)

15.07.2015 4823 0 пікір

 

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматының Орталық мешітіне жиналған жұртшылықты Қадір түнімен құттықтады.

Мұсылман баласы үшін мың айдан да қайырлы Қадір түнін Алматы жұртшылығы Құдайға құлшылық қылып, дұға оқумен өткізді.

Бұл түні қаланың Орталық мешітінде ине шаншар орын болмады. Жиналғандар Құран Кәрім аяттары түскен, сауаптар еселеніп жазылатын ерекше түнде қайырлы амалдар жасап, жақсы тілектер тіледі.

Ал, мешіттің ішіне сыймаған жамағат тарауық намазын далада оқыды. Көпшілікті Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы құттықтап, жамағатпен бірге дұға тіледі.  

 

Амангелді СЕЙІТХАН


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру