Жақында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері жөніндегі комитеті, ҚМДБ делегациясы және «Асыл арна» телеарнасының түсіру тобы шетелде дін білімін алып жатқан студенттермен жүздесіп қайтты.
Мысыр Араб республикасы, Сауд Араб корольдігі және Түркия республикасында тұңғыш рет өткен кездесулердің мақсаты жастардың тыныс-тіршілігімен танысу еді.
Осы шараға орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы сапарды қорытындылап, «Асыл арна» телеарнасына сұхбат берді. Бас мүфти аталған жобаның жемісті аяқталғанына тоқталып, мұндай жұмыстың келешекте дәстүрлі түрде өткізіліп тұратынын жеткізді. Және алдағы уақытта шетел жастарын сапалы оқулықтармен қамту, оларға қаржылай көмек көрсету, арнайы сайт ашу және қажылыққа жіберу мәселесі оңтайлы шешім табатынын жеткізді.
Сауапты сапардан дайындалған арнайы хабар«Асыл арна» телеарнасынан«Жемісті сапар» деген атпен төмендегідей кестеге сәйкес жарық көруде.
МысырАраб республикасына қатысты
1) 27-ші маусым (сағат 13.05.; 17.05).
2) 28- ші мауысм (сағат 05.05.; 09.05).
Сауд Араб корольдігіне қатысты:
3) 4-ші шілде (сағат 13.05.; 17.05).
4) 5- ші шілде (сағат 05.05.; 09.05).
Түркия республикасына қатысты
1) 11-ші шілде (сағат 13.05.; 17.05).
2) 12-ші шілде (сағат 05.05.; 09.05).
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.07.2015
3701
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру