Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балалар Бас мүфтидің қолынан сыйлық алды (ФОТО+ВИДЕО)

30.06.2015 4208 0 пікір

Қасиетті Рамазан айында Алматы орталық мешітінің мұрындық болуымен өткен «Рамазандағы сыйлық» атты республикалық қайырымдылық акцияға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, бүлдіршіндерге сыйлық берді.

«Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі – қайырымдылық. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деген. Қайырымдылық жасау біздің рухани дүниемізді жақсартып қана қоймай, сонымен бірге, қоғамды да жақсы жағына қарай өзгертеді. Сондықтан, мұсылман баласы қасиетті айда барынша қайырымдылық жасап, жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созуы үлкен сауап», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Шара барасында «Кәусар» жетім балалар үйіндегі 40 балаға заттай сыйлықтар, 100-ге жуық жағдайы төмен отбасыларына қаржылай көмек және 600 адамға ауызашар берілді.

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру