Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысына қатысты (ФОТО)

25.06.2015 3842 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматыда Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында өткен Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысты.

Алқалы жиынға комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтанов қатысып: «Адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басқан өркениетті, ғылым мен тех­никаның дамыған заманында да адам саудасы мәселесі әлі күнге дейін жойылмай келеді. Бүгінде бүкіл әлем бойынша миллиондаған адам адам саудасы бойынша әртүрлі қысымдықтарға ұшырауда. Қазақстанда да бүгінде із-түзсіз жоғалған, ұрланған, құқығы шектелген сияқты фактілер кездесуде. Өкінішке қарай, олардың дені жас­тар және кәмелетке толмаған балалар», – деді.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бұл мәселе төңірегінде ой білдіріп, басқосуға жиналғандарды, сала мамандарын, сарапшыларды ізгілікті, имандылықты, адамгершілікті насихаттауға барынша атсалысуға шақырды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының деректері бойынша, бүгінде әлем бойынша 27 млн. адам құлдықта жүр екен.

 

www.muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру