Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астана қаласында Пәкістанның Ислам идеологиясы Кеңесінің төрағасы Мәлік Мұхаммед Хан Шерани мырзаны қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан мен Пәкістан Ислам Республикасының рухани саладағы қарым-қатынасы сөз болды. Мәртебелі мейман Қазақстанның мәдени, рухани саладағы жетістіктерін жоғары бағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар Астана қаласында әр үш жыл сайын өтетін әлемдік дін лидерлерінің съезінің рөлін атап өтті.
«Дін лидерлерінің съезі барлық саяси тұлғалар мен мемлекет басшыларына, журналистер мен зиялы қауым өкілдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені, бірлікті сақтап, өзара ымырагершілікті нығайтуда барлығымыз жауаптымыз. Бірлік, өзара түсіністік болса, мемлекетте ізгілік орнайды», – деді Мәлік Мұхаммед Хан Шерани.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы болашақта саясаткерлер мен дін қайраткерлері ортақ мәмілеге келетін алаң іздейтінін, осы алаң Астанада өтетін дін лидерлері съезі бола алатынын мәлімдеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.06.2015
3797
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру