Басылымның шілде айындағы саны оқырманға жол тартты. Онда жарияланған материалдарға қысқаша тоқталайық. Материалдарының жартысы дерлік қасиетті Рамазан айына арналған. Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Шүкіршілік айы» мақаласымен ашылған. «Парыз» айдарымен «Ораза тұтушыға кеңес» және «Қадір түнін қадірле», «Уәжіп» айдарымен «Ораза айт», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Ықылас сүресі», «Пәтуә» айдарымен «Азаматтық некенің шариғи үкімі», «...Раббыңның атымен оқы» айдарымен «Зекет: аяттар мен хадистер», «Әдеп» айдарымен «Алла Елшісіне (с.ғ.с.) құрметіміз қаншалық?», «Уағыз» айдарымен Осман Нұри Топбаштың «Ертең есеп бересің...» деген тақырыптағы мақалалары жарық көрген.
Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған.
Атап айтқанда: «Сахих хадистер» айдарымен «Туысқанмен қатынасты үзген жәннатқа кірмейді», «Ақида» айдарымен «Имам әл-Матуриди», «Иләһи жыр» айдарымен «Аллаға шүкір», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Күйеуінің табысы адал болмаса...», «Балаларға базарлық» айдарымен «Пайғамбардың (с.ғ.с.) үйленуі», «Білгенге маржан» айдарымен «Мисуак қолданасыз ба?», «Фиқһ» айдарымен «Әйелдің еріндегі хақы», «Өсиетнама» айдарымен Имам әл-Ғазалидің «Ей, менің сүйікті балам!», «Сіз білесіз бе?» айдарымен «Ана сүті - несібе», «Сүннет» айдарымен «Қол жуу – жүрекке ем», «Тарихи таным» айдарымен «Бұрындық (Мұрындық) хан», «Керекті кеңес» айдарымен «Телефонда қалай сөйлесесіз?», «Балаңызды ұрмаңыз», «Зерде» айдарымен «Кедейлік те нығмет», «Хикаяттар» айдарымен «Патшаның қалыңдық таңдауы», «Білгенге маржан» айдарымен «Бисмилләнің қасиеті», «Баспасөзден: ой салу» айдарымен «Үшінші әйелі ақылды екен», «Шипа Алладан» айдарымен «Жеміс-жидектердің пайдасы» деген танымдық материалдар да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.
ОҚЫРМАН ЕСІНЕ: Көпшілік орындарда ұжымдық жиындар мен басқа да іс-шаралар өткізгісі келушілер онда "Иман" журналының алдағы шығатын кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-на дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады.
Бұл үшін басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласа алады: 8 (727) 397 63 84, 397 63 91, +7 778 948 74 10
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.06.2015
3930
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру