Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ертең күллі мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы басталады

17.06.2015 8648 0 пікір

2015 жылдың маусым айының 18-жұлдызында қасиетті Рамазан айының алғашқы күні. Биылғы Рамазан маусымның 18-нен шілденің 16-на дейін жалғасады. Оразаның жалпы уақыты - 29 күн.

Қазақстан бойынша пітір садақаның құны жан басына 200 теңге болып бекітілді. Пітір садақа Ораза айт намазына дейін берілуі тиіс.

17 - шілде (жұма) күнi Ораза айт мейрамы басталады. 

Әбу Хұрайраның (р.а.) риуаят етуінше, Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі». (Бұхари, Саум 6; Мүслим, Сиям 203.)

Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Рамазан айында жасаған амалдарымыз бен ізгі ниеттерімізді Алла Тағала қабыл етіп, сауапты істеріміз әрдайым жалғаса бергей!

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру