Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти дәстүрлі дін көшбасшыларының съезіне қатысты (ФОТОРЕПОРТАЖ)

10.06.2015 3813 0 пікір

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V съезіне қатысты.

Халықаралық басқосуды ашып берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін конфессияаралық араздық тудырмауға шақырды.

«Бұқаралық ақпарат құралдарын адамдар арасындағы конфессияаралық араздықты тудырмауға шақырамын. Адамдардың санасын көтеру керек. Бұл бағытта өздерін төртінші билік деп санайтын барлық баспалар мен бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының моральдық жауапкершілігін көтеру қажет деп санаймын», – деді Елбасы.

Съездің мәртебелі мейманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун баяндама жасап, әлемдік діни татулықты нығайтуда бүгінгі құрылтайдың маңыздылығын ерекше атап өтті.

ҚМДБ Баспасөз қызметі




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру