Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құран Кәрімді жаттаудан үздік деп танылған шәкірттер арнайы сертификатпен марапатталды

08.06.2015 4202 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Әбу Ханифа» медресесін тәмамдаған шәкірттерге орта кәсіптік діни білім беру деңгейіндегі оқу орнының куәлігін табыстады.

«Құрметті шәкірттер, сіздер осы білім ордасында 2 жыл 10 ай діни білім алдыңыздар. Бұл үлкен абырой. Білім алу, сауатты болу – Ислам дінінің ең басты талабы. Білім – адам баласына жөн сілтеп, бағыт-бағдар көрсететін шамшырақ сияқты. Ғылым үйренудегі басты мақсат – үйренген білімді халыққа жеткізу. Сонымен бірге, қазіргі қоғам діни білімді дүниеуи біліммен ұштастыра отырып жеткізуді талап етіп отыр. Сондықтан, сіздерге артылар үміт пен жауапкершілік үлкен», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Сонымен қатар, Құран Кәрімді жаттаудан ең үздік танылған шәкірттер арнайы сертификатпен марапатталды.

Кездесуге Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет, «Әбу Ханифа» медресесінің директоры Құлмұхаммед қажы Маханбет және медресе ұстаздары қатысты.

Биыл «Әбу Ханифа» медресесін 18 шәкірт тәмамдады.

muftyat.kz



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру