Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Біріккен Араб Әмірлігінен келген «Al Hilal» Ислам Банкінің басшылық құрамы Доктор Махмуд Убадаһ, Икрам Рахман, Шоев Махмадрузимен кездесті.
Кездесуде екі тарап «Al Hilal» Ислам Банкі мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту және оның маңызы жайы сөз қозғады. Сондай-ақ, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ислам Банкімен достық қарым-қатынас пен барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықтың маңызы зор екенін жеткізді.
Айта кетерлігі, «Al Hilal» Ислам Банкі Қазақстанда 2010 жылы ашылып, Астана мен Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс жасап келеді.
«Al Hilal» Ислам Банкі әзірге мемлекеттік, квази-мемлекеттік және ірі жеке компаниялармен қарым-қатынас орнатуға, сонымен қатар ірі инфрақұрылымдық және корпоративтік жобаларды инновациялық Исламдық қаржыландырумен жұмыс жасап келеді. Болашақта жеке тұлғалар үшін арнайы Исламдық банк өнімдерін ұсыну жоспарында бар.
ҚМДБ-ның Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.06.2015
4287
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру