Пайғамбар (с.ғ.с.) жеті көкке көтерілген түн (жұмадан сенбіге қараған түн) (2015 жылғы мамырдың 15-нен 16-на қараған түн - 1436 хижра жылының 26-27-ші ережебі) – Исра және Миғраж түні.
Һижраттан бір жарым жыл бұрын ережеп айының жиырма жетінші түнінде Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) - Миғраж мұғжизасы берілді. Алла Тағаланың құдыретімен, қалауымен ғана болатын кереметтерді – «мұғжиза» деп атайды. Адамзатқа екі дүниеде шапағатшы пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) теңдессіз ғажайып мұғжизалар берілді. Оның бастысы - Құран. Одан кейінгісі – Исра және Миғраж мұғжизасы.
Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) миғражда үш үлкен сыйлық берілді:
Біріншісі - бес уақыт намаз.
Екіншісі - Аллаға серік қоспаған жанның жәннатқа кіретіні жайындағы сүйінші хабар.
Үшіншісі - Бақара сүресінің соңғы екі аяты.
Исра және Миғраж оқиғасы миләди 621 жылы ережеп айының 26-сынан 27-сіне өтер түнде, дүйсенбіде, Меккеден Мединеге һижрат етуден 18 ай бұрын болды. Кейінірек жыл сайын бұл түнді шын иман-ықылас және қосымша нәпіл ғибадаттармен атап өткізу мұсылмандар үшін дәстүрге айналды. Миғраж түнінде пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте Исра жасады. (Түнгі сапар арабтарда «исра» деп аталады). Одан миғражға - жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесті, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі - аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді. Миғраж пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ең үлкен мұғжизаларының бірі. Мұғжиза - Алланың құдіретімен жүзеге асатын, адамдардан тек пайғамбарларға ғана тән, таңғажайып құбылыс. Жүрегінде иман нұры орныққан әрбір адам Алланың мұғжизаларына шүбәсіз сенеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.05.2015
6530
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру