Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев пен осы бөлімнің бас маманы Бақытжан Мұратбеков Алматы қаласында орналасқан «Сұлтан», «Арафат» базарының қасапшыларына дәріс оқып, көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап берді.
Дәріс шариғат талабына сай мал сою ережелері, халал сойылған еттің адам денсаулығына пайдасы мен бүгінгі күндегі халалға қатысты өзекті мәселелері төңірегінде өрбіді.
«Мал союдың өзіндік шариғи ережесі бар. Әрбір қасапшы осы талаптарға мұқият болуы керек. Бүгінгі таңда халал ет өнімі ең көп тұтынылатын өнімге айналып келеді. Өйткені халық таза тағамның адам денсаулығана пайдалы екенін түсінді. Ғалымдардың өзі шариғат талабымен сойылған еттің адам ағзасына пайдасы көп екенін дәлелдеп келеді. Сондықтан, мал сою ісіне асқан жауап кершілікпен қарау қажет»,-деді Бейбіт Мырзагелдиев.
Айта кетсек, «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының имамдарына, сонымен қатар халал өнім шығаратын кәсіпорындардың қызметкерлеріне дәстүрлі түрде дәріс жүргізіп келді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.05.2015
3919
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру