Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти медресеге дайындық курсының ашылу салтанатына қатысты (ФОТО)

05.05.2015 4753 0 пікір

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бояулы ауылында медресеге дайындық курсы ашылды. 

Медресеге дайындық курсының ашылу рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы және зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Ел мен жерге қызмет етіп, соңына өшпес із қалдырған тарихи тұлғалардың барлығы сауатын діни оқу орындарынан ашқан.  Бұл оқу орынынан білім алған шәкірттер еліміздің бірлігі мен имандылығына қызмет ететіне сенемін. Бүгінде  діни оқу орындарын ашып, дініміз бен дәстүрімізді насихаттауымыз – тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің арқасы»,- деді Бас мүфти.

Медресеге дайындық курсы бір мезгілде 20-30 шәкіртке қызмет көрсете алады. Бұл оқу ордасы алдағы уақытта облыс көлемінде ғана емес, бүкіл еліміздің түкпір-түкпірінен келетін шәкірттерге де қызмет көрсететін болады.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру