Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: Наурыз мейрамы атап өтілді (ФОТО)

09.04.2015 5804 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында көктем мерекесі - Наурыз мейрамы ұлттық нақышта өтті. Бұл мереке - ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпының ажырамас бөлігіне айналған мейрамның бірі.

Шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Алматы орталық мешітінің қатысуымен ұйымдастырылды. Наурыз мейрамының сәні Арқан тартыс, Гір көтеру, Қол күрестіру сияқты спорт түрлерімен жалғасып, дін қызметкерлері дәстүрлі жыр-термелер орындап, алқалы топ алдында өнер көрсетті.

Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, аппарат жетекшісі Ғылымбек Жәдігерұлы қатысып, құттықтау сөзін айтты.

Мерекелік іс-шарада сөз алған Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Наурыз мерекесі – бірліктің, ынтымақтың, береке мен татулықтың мерекесі. Осынау ізгілік мерекесінде адамдар кешірімділікке, татулыққа ұйысады. Өйткені, Алла Тағала қасиетті Құранда «Кешірім жолын ұстан» деп бұйырған. Наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! Жаратушы Иеміз ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген, дініміз бен діліміздің жанашыры болған азаматтарға күш-қуат, ынтымақ нәсіп еткей! Раббымыз мемлекетіміздің тәуелсіздігін мәңгілік етіп, дініміз бен дәстүрімізді, еліміздің еңсесін биіктетсін!»,- деп ел мен жердің амандығын тілеп, бата жасады.

Шара соңында сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталып, мақтау қағаздарын алды. 

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру