Басылымның кезекті сәуір айындағы саны «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Мешіт имамы» мақаласымен ашылған.
Онда «Пәтуә» айдарымен «Мұсылман қабірін зиярат етудің үкімі», «Уағыз» айдарымен Осман Нұри Топбаштың «Өлім ақиқат», «Қайырымдылық» айдарымен Нұрлан Анарбаевтың «Садақа мен зекет», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Фәләқ сүресі», «Ғибратнама» айдарымен Имам әл-Ғазалидің «Ей, менің сүйікті балам!» атты мақалалары мен «Сахих хадистер» айдарымен Абдуссамат Махаттың «Әлсіздер мен кемсітілгендер жәннаттық» атты тәржімасы жарық көрген.
Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған.
Атап айтқанда, «Шариғат» айдарымен «Дінімізде үйленудің үкімі», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Салықты зекет ретінде есептеуге бола ма?», «Балаларға базарлық» айдарымен «Меккедегі жұқпалы ауру», «Ахлақ» айдарымен «Намаз және мінез-құлық», «Керекті кеңес» айдарымен «Әйеліңнің мінезіне сабыр ет», «Тағылым» айдарымен «Бала – Жаратушының нығметі», «Әдеп» айдарымен «Сіз қалай тамақтанасыз?», «Фиқһ» айдарымен «Ерлі-зайыптының ақылары», «Оқырман ойы» айдарымен «Тура жол имандылықта», «Тарихи таным» айдарымен «Әз Жәнібек (Әбу Сайд) хан», «Жауһар жыр» айдарымен «Жанымды алсаң, Құдай иманмен ал!», «Ұлағат» айдарымен «Мұқағали Құран оқыған», «Шипа Алладан» айдарымен «Қара зере», «...Раббыңның атымен оқы» айдарымен «Болашақ қарилар», «Сіз білесіз бе?» айдарымен «Галилое Галилей» деген танымдық материалдар да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.03.2015
3630
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру