Ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы «Наурыз» Балқан, Кавказ және Орта Азияда дәстүрлі мереке ретінде тойланып отыратыны барша жамағатқа мәлім. Атамекеніміз Қазақстанда да аталмыш дүбірлі мереке мемлекеттік деңгейде аталып өтіледі.
Осы дәстүрлі мейрамымыз «әз-Наурыздың» құрметіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет қорының» ұйымдастыруымен қайырымдылық шара өткізілді. Шара барысында Алматы қаласынан мұң-мұқтаждығы бар 15 жалғыз басты анаға 10 000 теңге қаражаттай және әрқайсысына азық-түліктей (5 кг. ұн, 5 кг. қант, 5 кг. күріш, 2 л. май, 10 кг. макарон) көмек көрсетілді.
Сонымен қоса, ҚМДБ іс басқарушысы Ербосын Орын аталмыш іс шаралар Қазақстанның барлық аймақтарында өз жалғасын табатынын атап өтті.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.03.2015
4074
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру