ҚМДБ-ның Елорда ғимаратында қажылық компаниялары жетекшілерінің қатысуымен алқалы жиын өтті. 2014 жылғы Қажылық миссиясына төрағалық еткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев ұлық сапарда мүфтият тарапынан атқарылған іс-шаралар туралы есеп берді.
Ғ.Жәдігерұлы қажыларға қызмет көрсетуде жеткен жетістіктер жайлы баяндады. Наиб мүфти Серікбай қажы Ораз жыл сайын ҚМДБ Қажылық миссиясының жұмысы жанданып келе жатқанын жеткізді. Алайда орын алған олқылықтар да жоқ емес.
Алқалы жиында Серікбай Сатыбалдыұлы қажылардың денсаулығына, жатын орындарына, ондағы санитарлық талаптарға, діни рәсімдерді дұрыс атқаруына баса назар аудару қажеттігін ескертті. Басқосу соңында қасиетті сапар – қажылық парызын халқымызға жан-жақты насихаттау қажеттігі сөз болды.
Айта кетейік, өткен жылы елімізден 5500 отандасымыз бесінші парызын өтеп қайтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.03.2015
4555
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру