Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти ислам мәдениеті туралы айтты

26.02.2015 4640 0 пікір

Алматы қаласында  «Алматы - 2015 жылғы Ислам мәдениеті астанасы» халықаралық конференциясы жалғасуда.

Игі ісшараның екінші бөлігінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз модератор болды. Конференцияны алғы сөзбен ашқан Серікбай қажы Ораз қатысушы қонақтар мен ғалымдарға алғысын білдіріп: «Адамзат тарихына қарасақ мәдениет өздігінен қалыптаспаған. Барлық  мәдениет діни сенім негізінде қалыптасып, дамып отырған. Сондықтан, еліміздің мәдени және әлеуметтік өмірінде ислам дінінің алатын орны ерекше, сондай-ақ өзіндік руханиятының ажыратылмас бөлігі екенін мақтанышпен айтуға болады»,-деді.

Конференция жұмысына халықаралық сарапшылар, әлемнің 15 елінен келген саясаттанушылар мен ғалымдар, дін қызметкерлері мен имамдар қатысып, баяндама жасады.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру