Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иман» журналының жаңа саны

25.02.2015 4340 0 пікір

Басылымның наурыз айындағы №3 (128) саны І республикалық имамдар форумына арналған.

Онда осы келелі бас қосуда қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасы» жарияланған.

Сонымен қатар форумда сөз сөйлеген көрнекті ғалым, мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің «Дін ұстай алсаң қасиетің», «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевтың «Ақсақалын ардақтаған елміз», «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Шәмшидин Керімнің «Жоғары білімді имамдарды дайындау уақыт талабы», ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың «Дінімізді уағыздайтын таспалар көптен шығарылса», Жезқазған өңірі, Ұлытау ауданы, Борсеңгір ауылының молдасы Қонысбай Әбдірахманұлының «Дәстүрін білген дінін мансұқтамайды», Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданының Бас имамы Асылхан Қасымұлының «Билер кеңесі – бірліктің ұйытқысы» деген мақалаларымен қатар, Жамбыл облысы, Байзақ аудандық орталық мешітінің Бас имамы Рамиз Азизовтың «Имам білікті де, білімді болуға тиіс», ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшесі Зәріпбай Оразбайдың «Ғұламалар Кеңесі ел тұтастығы мен оның рухани өсіп, өркендеуін көздейді», Алматы облысы, Панфилов ауданының Бас имамы, Құндызбек Медетбековтің «Дініміз – елдің рухани тірегі» салиқалы пікірлері мен ұсыныстары да жарық көрген. 

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру