17 ақпан ҚМДБ делегациясы іс-сапардың екінші күні Түркия Дін істері басқармасының «Мерзімді басылымдар және кітапханалар» бөлімінде кездесулерін жалғастырып, бөлімнен шығатын әртүрлі діни газет-журналдармен танысты. Сонымен қатар Түркия Дін істері басқармасының жанындағы 80 мыңға жуық діни кітаптар мен 7 мыңдай қолжазба қойылған көне кітапханасында болды.
Қазақстандық делегация түстен кейін Түркия түзету мекемелері және жастар бөлімінің басшысымен арнайы кездесіп, Түркия Дін істер басқармасы тарапынан атқарып жатқан жұмыстары жайлы жан-жақты ақпарат алды. Кездесу барысында Түркия тарапы екі жақты келісім арқылы жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Бұдан кейін ҚМДБ делегация мүшелері Түркия Дін істері басқармасының «Халықаралық қатынастар» бөлімінің жалпы меңгерушісі Проф.Док. Халифе Кескин мырзаның қабылдауында болып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жеткізді. Кездесу барысында Халифе Кескин мырза Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына Түркия Дін істері басқармасы жан-жақты қолдау көрсететіндігін айтты. ҚМДБ делегация басшысы Алтынбек Ұтысханұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан арнайы сыйлық беріп, алғыс білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.02.2015
4147
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру