Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр елінде «Имамдар форумына» оң пікірлер айтылуда

16.02.2015 3635 0 пікір

Тұңғыш рет өткелі отырған «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты І республикалық имамдар форумы Сыр елінде кеңінен насихатталып, жан-жақты пікірлер алынуда.

Осы форум жайлы ел арасында пікір алмасу үшін түрлі облыстық, қалалық және аудандық барлық БАҚ беттеріне мақалалар, телеарналарда жаңалық ретінде форумның Елордамызда ү.ж. ақпанның 19-жұлдызында өтетіні онда қозғалатын тақырыптар легі баяндалып хабарлануда.

Әр сенбі сайын арнайы әр соғыс ардагерлерінің отбасына қадам басып, сый-сияпат көрсетіліп, келеді. Сол кездесулерде ардагерлерге форумның мән жайы да сөз етіліп, оң пікірлерін алуда.

«Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Шынай мұсылманның тұлғалық келбеті», «Имамның тұлғалық бейнесі» және «Дін қызметкерінің қызметтік этикасы» сияқты көтерілер маңызды тақырыптардың расында қоғамға берер пайдасы мол екендігіне сенетіндіктерін жеткізуде.

Насихаттау барысында арнайы имамдар жиналысы өтіп, талқыланды. Өткен жұма намазында да бұл форум жайлы сөз болып, кейін имамдарға келіп оң пікірін білдірген ел азаматтарынан пікірерін алып, басылымдарға жарық көрмек. 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі,
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру