Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Өмер Бұрхан Түзел мырзаны қабылдады.
Ресми кездесуде бауырлас елдердің мәдени-рухани салалардағы қарым-қатынасы жайлы сөз болды. Бас мүфти Түркияның Діни істер басқармасына діни саладағы ынтымақтастық негіздегі қолдауына алғысын білдірді. Дипломат өз кезегінде Түркия мен Қазақстанның дәстүрі мен діні, мәдениеті мен тарихы ұқсас екенін айта келе, болашақта бұл бағыттағы байланыстар нығая беретінін мәлімдеді.
Бүгінде Түркия мен Қазақстанның Діни басқармалары арасындағы келісімге орай, бауырлас елден келген ұстаздар, қарилар мешіттерімізде дәріс жүргізіп, қасиетті Рамазан айларында Құран хатым етуде. Сондай-ақ еліміздің діндарлары Түркияның ірі оқу орындарында діни ілімін жетілдіріп, тәжірибе жинақтауда.
ҚМДБ баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.02.2015
4348
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру