Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти марафоншы Дулат Иманқажыны қабылдады (ФОТО)

04.02.2015 4662 0 пікір

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Меккеге жаяу барып келген белгілі марафоншы Дулат Иманқажыны қабылдады.

Марафоншы салауатты өмір салтын қалыптастырудағы мақсаты жайлы Бас мүфтиге баяндап берді. 50 жасты еңсерген Елорда тұрғыны 10 жылдан бері жүгіруді серігіне айналдырған. Ержан қажы Малғажыұлы жүгірудің пайдасы жайлы айтқан пайғамбар хадисінен алар тәлім мен тәрбие жайлы әңгімелей келе, спортпен шұғылдануды жастар арасында көбірек насихаттау қажеттігін жеткізді.

Марафоншы Діни басқарманың «Дін мен дәстүр» жылы аясында ұйымдастырған спорттық шараларын қолдайтынын және болашақта мұндай игілікті істерге атсалысатынын мәлімдеді. Бас мүфти Қазақ хандығының 550 жылдығына орай еліміздің киелі де қасиетті орындарын жаяу зиярат ету туралы ұсынысын білдірді. Дулат Иманқажы бұл игі жобаны толық қолдайтынын жеткізді. 

ҚМДБ баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру