Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі дәріс өтті

28.01.2015 4872 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиевтің қатысуымен имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында дәріс өтті.

Дәріс халал өнімдерге қатысты шариғи талаптар мен халал өнімді стандарттаудың бүгінгі күндегі өзекті мәселелері жөнінде өрбіді. Мұндағы мақсат дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру.

Бейбіт Мырзагелдиев дәрісте: «Еліміздегі халал өнімдерді стандарттау мәселесін бір жүйеге келтіру мақсатында Ресей, Татарстан, Түркия елдерімен тығыз жұмыс жасаудамыз. Алдағы уақытта елімізде халал өнім өндіретін кәсіпорынның жұмысы шариғат талаптарына қаншалықты сай екенін анықтап, бақылап отыратын имамдар болады. Сондықтан, әр имам халал өнімге қойылатын талаптар мен шарттарды жетік білуі тиіс»,-деді.

Игі шарада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс басқарушысы Ербосын Орын, имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры Кенжеәлі қажы Мырзабай бұл игі іске атсалысудың қаншалықты маңызды екеніне тоқталып, алғысын жеткізді.

Айта кетерлігі бұл дәріс дәстүрлі түрде жалғасын таппақ. 

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру