Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Петропавл облысында өткен аттестация: қорытындысы мен шешімі

27.01.2015 4303 0 пікір

2015 жылдың 21-23 Қаңтарда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Петропавл облысы бойынша мешіт қызметкерлері аттестациялаудан өткен болатын. Сараптама қортындысы төмендегідей:

Петропавл облысына қарасты мешіттерде қызмет ететін 126  діндар тұлғаларға  аттестация жұмыстары жүргізілді.  Аттестация барысында комиссияның шешімімен 15 адам қызметтерінен босатылды.

«Жақсыға» жауап бергендер саны – 19. «Қанағаттанарлық» бағаға ие болғандар саны – 83. Ал 3 адам сынақтан сүрінді. Түрлі себепті (ауруханада, оқуда,)  аттестацияға қатыспаған 6  адамды аттестациялау кейінге қалдырылды.

Облыс бойынша алдағы уақытта мешіттерде көп жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан дін мамандарының жұмыстарын одан әрі  жанжандыра түсу мақсатында аттестациялау комииссиясының шешімі негізінде ротациялау (ауыстыру) жұмыстары жүргізілмек.

 

 

ҚМДБ Орталық аппараты

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру