Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола облысында өткен аттестация: қорытындысы мен шешімі

26.01.2015 4141 0 пікір

2015 жылдың 19-21 қаңтарында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Ақмола облысы бойынша мешіт қызметкерлері аттестациялаудан өткен болатын. Сараптама қортындысы төмендегідей:

Ақмола облысына қарасты мешіттерде қызмет ететін 139  діндар тұлғаларға аттестация жұмыстары жүргізілді. Аттестация барысында комиссияның шешімімен 8 адам қызметтерінен босатылды.

«Өте жақсы» жауап берген саны- 1. «Жақсыға» жауап бергендер саны – 21. «Қанағаттанарлық» бағаға ие болғандар саны – 69. Ал 15 адам сынақтан сүрінді. Түрлі себепті (ауруханада, оқуда,)  аттестацияға қатыспаған 25 адамды аттестациялау кейінге қалдырылды.

Облыс бойынша алдағы уақытта мешіттерде көп жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан дін мамандарының жұмыстарын одан әрі  жандандыра түсу мақсатында аттестациялау комиссиясының шешімі негізінде ротациялау (ауыстыру) жұмыстары жүргізілмек.

 

ҚМДБ Орталық аппараты

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру