Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Асыл арна» журналистеріне дәріс өтуде

26.01.2015 5675 0 пікір

«Асыл арна» ислами-ағартушылық телеарнасының журналистеріне дін қызметкері дәріс өтуде. «Асыл арна» телеарнасы атадан қалған асыл дінімізді насихаттауға өз үлестерін қосып келе жатқан еліміздегі бірден-бір исламдық ақпарат таратушы арна.

Біздің елімізде діни журналистер жоқтың қасы. Сондықтан «Асыл арна» телеарнасында жұмыс істейтін қызметкерлерінің діни сауатты болуы аса маңызды. Үстіміздегі жылдың 19 қаңтарында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қамқорлығымен және Асыл арна телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабековтың ортақ келісімдерінің нәтижесінде, екі жақты меморандумды негізге ала отырып, Матруди сенімі мен Абу Ханифа мазхабының негізгі принциптерін түсіндіруге негізделген дәріс өз жұмысын бастады. Аптасына бір мәрте өткізілетін бұл дәріске Асыл арна қызметкерлерінен 50 адам тұрақты қатысуда. Дәрісті белгілі исламтанушы ғалым Ерсін Әміре жүргізуде. Сабақтың жүйелі түрде өтуін Асыл арна телеарнасының атқарушы директоры А.Болғанбаев пен ҚМДБ тарапынан бекітілген шариғи редактор Н.Таласұлы жауапкершіліктеріне алды. Алла Тағала баршамыздың білім көкжигімізді арттырып, Ата дінімізді насихаттау жолында жасалып жатқан еңбектер сауаптан болғай.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру