Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: дініміздің жанашыр журналистері шаңғы тепті

13.01.2015 4621 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Баспасөз бөлімінің ұйымдастыруымен 2014 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында асыл дінімізді тұрақты насихаттаған журналистер Алматы іргесіндегі Табаған тау шатқалында шаңғы тепті.

Салауатты өмір салты насихатталған шараға «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Алматы қаласы бойынша бюро жетекшісі Дәурен Дариябек, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Қанат Ескендір, «Евразия» арнасының тілшісі Ұлан Тәліпбай, «Алматы» телеарнасы бас директорының орынбасары Елдос Өмірзақ, «Түркістан» газетінің веб-редакторы Жәнібек Ғалым қатысты.

Игілікті іс-шарада ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы ізгіліктің жаршысына айналған тілшілер мен тәжірибелі журналистерге Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан алғыс білдірді. Қаламгерлер тау бөктерінде шаңғы теуіп, дін, елдік мәселе, халық бірлігі сынды тақырыптарда пікір алмасып, Ислам дінін болашақта да насихаттай беретіндерін жеткізді. Саф ауадағы сұхбат жол бойы жалғасып, игі шараны дәстүрге айналдыру туралы уағдаластық жасалды.

www.muftyat.kz 

   



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру