Иран мемлекетінің астанасы Тегеранда 7-ші қаңтардан бастап «Ислам үмметінің бірлігі» атты халықаралық конференция өтуде. Аталмыш конференцияға 71 ислам мемлекетінен дін өкілдері мен мемлекет қызметкерлері қатысуда.
Елімізден Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы арнайы Діни басқарма тарапынан конференцияға шақыртумен барды.
Конференцияда мұсылмандардың қазіргі жағдайы мен бірлік мәселелері талқылануда. Сонымен қатар, Тегеран қаласында өтетін үш күндік конференцияда жастар мәселесі, исламдағы әйелдің орны, экономика, мазхабтардың арасын жақындату сияқты өзекті мәселелер талқыланады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.01.2015
4657
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру