Астанада Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры Мақсұт Нәрікбаевты қабылдады.
Мүфти-хазрет Діни басқарманың 2014 жылда атқарған іс-шаралары жайлы баяндап, Мақсұт Нәрікбеавқа туған өлкесі – Алматы облысында жаңа мешіт салуға ұйытқы болғаны үшін алғыс білдірді. Астанада 25 желтоқсанда өткен Төралқа мәжілісінде жаңа мешітке «Нұржан баба, Нәрікбай ата мешіті» деп атау туралы қаулы қабылданған болатын.
Сонымен қатар, қабылдауда жастардың дінге бетбұрысы сөз болып, оларға дұрыс діни ақпарат жеткізу жайлы мәселе қозғалды.
«Қазір Діни басқарманың уағыз-насихат жұмыстары қарқын алды. Көптеген кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Жат ағымда жүрген жастарымыздың бірқатары дәстүрлі дінімізге қайта оралуда», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Кездесу соңында академик М.Нәрікбаев Бас мүфтиге өзінің жазған кітаптарын сыйға тартты. Ал Дінбасы қасиетті Құран кітабын сыйлады
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.12.2014
4423
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру