Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітіне жұма намазына жиналған жұртшылық алдында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жақында өткен ІІ Республикалық «Әдемі әуезді азаншы» сайысының жеңімпазы атанған Еркебұлан Алпысұлына игі тілегін арнап, қасиетті Құран Кәрім тарту етті.
Елімізде азан айтушылардың қазақы мектебі қалыптасып келе жатқанын Бас мүфти тағы бір мәрте қуанышпен атап өтіп, осы бағытта еңбек сіңіріп келе жатқан «Әзірет Сұлтан» азаншысына өз ризашылығын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Алматы қаласында «Әдемі әуезді азаншы» ІІ Республикалық азаншылар сайысы өткен болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 44 азаншылар арасынан екінші айналымға 13 үздігі іріктеліп, өз өнерлерін қалың жұртшылық пен әуезі мен махражын, даусы мен ырғағын қалт жібермей қадалаған әділқазылар алдында көрсеткен болаты. Аталмыш сайыстың «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы әрі ұстазы Еркебұлан Байғабылов оза шығып, жеңімпаз атанған болатын.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.12.2014
4447
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру