Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы Орталық мешітінде ІІ-ші Республикалық «Әдемі әуезді азаншы» атты азаншылар сайысы басталды.
Бүгін азаншылар алғашқы іріктеу сынынан өтеді. Бірінші турдан сүрінбей өткен ең таңдаулы азаншылар ертең де өз өнерлерін әділ қазылар алдында паш етеді. Олардың өнеріне ҚМДБ Діни істер бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев, Алматы Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет, белгілі теолог Ерсін Әміре, «Нұр Мүбәрак» университетінің ұстаздары қазылық етуде.
Араға 6 жыл салып, екінші рет өтіп жатқан республикалық жарысқа еліміз бойынша 44 азаншы қатысуда. Игі шарада сөз алған Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет 15 қатысушыға арнайы ынталандыру сыйлықтары тағайындалғанын жеткізді. «Бірінші орын үшін үлкен қажылыққа тегін жолдама, І, ІІ орындарды жеңіп алған азаншыларымызға да кіші қажылықтың тегін жолдамасы беріледі», – деді Нұрбек Әуесханұлы.
Ертең, яғни 21 желтоқанда сағат 11:00-де ақтық сынға шыққандар І, ІІ, ІІІ орындар үшін бақ сынасады. Марапаттау рәсіміне Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, жазушы Дулат Исабеков, әнші Ескендір Хасанғалиев, т.б. өнер, әдебиет, спорт өкілдері қатысады.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.12.2014
4300
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру