Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдарға сертификат табыс етілді

19.12.2014 4182 0 пікір

Желтоқсанның 7-16 аралығында Мәскеу қаласында Ресей Мүфтилер Кеңесі ұйымдастырған имамдардың біліктілігін арттыруға арналған курста  60 имамға сертификат табыс етілді.

Сертификатты табыс етуге Ресей Мұсылмандары Діни басқармасының наиб мүфтиі Дамир Мухетдинов пен Мәскеу Ислам институтының ректоры Дамир Хайретдинов арнайы қатысты. Ресей Мұсылмандары Діни басқармасының наиб муфтиі Дамир Мухетдинов имамдарға алғысын білдіріп, алғаш рет ұйымдастырылып отырған курс алдағы уақытта өз жалғасын табатынын жеткізді.

Имамдар атынан аталмыш курсты ұйымдастырып отырған Ресей Мұсылмандары Діни басқармасына, Мәскеу Ислам институтына ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ алғыс айтып, Алланың аты жазылған сыйлықты тарту етті.

ҚМДБ-ның Баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру