Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иман» журналының биылғы соңғы саны

13.12.2014 4717 0 пікір

Басылымның биылғы соңғы саны Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Білімсіз жасалған құлшылық – тамырсыз талмен тең» деген мақаласымен ашылған. «Пәтуә» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жиһад ұғымы және қазіргі заман» пәтуәсі, «Әдеп» айдарымен ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ Бекқожаның «Ата-ананы құрметтеу» атты материалы жарияланады. «Фиқһ» айдарымен «Төрт мәзһабтан басқасы - адасу!» және  «Сахих хадис» айдарымен Абдуссамат Махаттың «Алла Тағаланың кешірімшілдігі» тәржімасы, «Уағыз» айдарымен Осман Нұри Топбаштың «Шынайы құлдар Алланы көп зікір етеді», «Тәпсір» айдарымен Сәбит Ибадуллаевтың ««Һумәзә»  сүресі», «Жадыңызда жүргей» айдарымен Асылбек Әуезханұлының «Көз тию – ақиқат» атты танымдық мақалалары жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:

«Жатта да айтып жүр!» айдарымен «Күнделікті дұға», «Білгенге маржан» айдарымен «Намаз дене шынықтыру ма?», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Пәтер үшін несие алуға бола ма?», «Ой салу» айдарымен «Күйеуім – жұмағым не тозағым!», «Ойласу» айдарымен «Имандылық  –  тәуелсіздігіміздің  қорғаны», «Таным» айдарымен «Батаның берекесі бар», «Сыр-сұхбат» айдарымен «Жетімдіктен жетілген жайсаң жан», «Балаларға базарлық» айдарымен «Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  шыққан  тегі», «Ұлағат» айдарымен «Ұстазым – Ақжан Машани!», «Өсиетнама» айдарымен имам әл-Ғаззалидің «Ей, менің сүйікті  балам!», «Баспасөзден: жанайқай» айдарымен «Ет бұзылса тұз себеді, қыз бұзылса ше?», «Баспасөзден: масқара!» айдарымен «Көргенсіздікке  бастап  жүрмесін» деген материалдар да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру