Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәскеу қаласында имамдар курсы басталды

10.12.2014 4797 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жолдауымен 30 имам Мәскеу қаласына барды. Ресейдің Муфтилер Кеңесінің ұйымдастыруымен болып жатқан «Экстремизм мен радикализмнің алдын алудағы классикалық ислам ілімінің орны» атты имамдардың біліктілігін арттыру курсында 5 мемлекеттен 60 имам дәріс алуда.

Қазіргі кездегі мұсылман әлемін алаңдатып отырған діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу барысында мән берілуі керек мәселелер жайында Ресей мұсылмандарына танымал ғалымдар дәріс оқуда. Аталмыш курсқа елімізден 30 имам қатысса, Өзбекстаннан 5 имам, Қырғызстаннан 10 имам, Қырым Республикасынан 10 имам, Тәжікстаннан 5 имам қатысуда.

Дәріс таңғы сағат 9-дан бастап кешкі сағат 19:00-ге дейін жалғасуда. Аталмыш курс имамдарымыз үшін пайдалы боларына сенімдіміз.

 

www.muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру