Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти жаңа мешіт ашылуында болды

02.12.2014 5199 0 пікір

Тұңғыш Президент  күні мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласында “Нұр-Жетісай” атындағы зәулім мешіттің ашылу салтанаты болып өтті.

Алла үйінің ашылу салтанатына арнайы қадірменді қонақ ретінде  ҚМДБ-ның төрағасы,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет пен  Астана қаласы “Әзірет Сұлтан” мешітінің Бас имамы - найб мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы қатысты. Келген қонақтарды аудан әкімі Серік Тұрбеков  пен аудан имамы Б.Сыздықов және бірқатар зиялы қауым өкілдері күтіп алды.

Ресми ашылу салтанаты қасиетті Құран оқумен басталды. Оны ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек оқыды. Алла үйінің ашылу салтанатын елімізге белгілі ақындар Қалқаман Сарин, Бекжан Тұрысовтар жүргізіп отырды.

Алғашқы сөз алған  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет жиналған жұртшылықты қос мерекемен құттықтады. Оның бірі Алла үйінің ашылуы, екіншісі еліміздің Тұңғыш Президент  күні мерекесімен барша мұсылман қауымды құттықтады.

Сөз соңында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет жаңа мешіттің имамы Нұралы Мақсутовқа қасиетті Құран Кәрімді сыйға тарту етті. Мешітте алғашқы бесін намазы оқылды.

Жалпы, бұл мешіт Мырзашөл өңірінде теңдесі жоқ мешіттердің бірі болып саналады. Мешітке бір мезгілде 500 намазхан құлшылық ете алады. Мешіттің күмбезі Сауд Арабия, Мәдине қаласындағы  “Ән Нәби” мешітінің күмбезі  ұқсатылып жасалғанын атап өту керек. Мешітте арнайы кітапхана, дәрісхана, қабылдау бөлмелері бар. Мешіт қазақтың киіз үйі пішінде бой көтерген. Бір сөзбен айтқанда заман талабына сай етіліп жасалған.

Алла Тағала мешіт салған азаматтарға разы болып, құтты етсін! 

 Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру