Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында аймақтағы әр өкілдіктің мешіт істеріне жауапты қызметкерлеріне арналған арнайы басқосу өтті.
Кездесуге ҚМДБ Іс басқарушысы Ербосын Орын, Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов, заңгер Сағитжан Дәулетияр қатысты.
Басқосу барысында биылғы жылдың 30-маусымында қабылданған заңға сәйкес, мүлікті жария ету науқаны жүргізілетіні сөз болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына филиал болып тіркелген мешіт жерлері мен ғимараттарын заңдастыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, 2015 жылдың 31-желтоқсанына дейін мүлікті жария ету науқанын тиімді пайдалана отырып, мешіт жерлері мен ғимарат құжаттарын толықтай ретке келтіру туралы нақты тапсырмалар берілді. Мешіт құжаттарын реттеу үшін облыс, аудан, ауыл имамдарын жұмылдыру қажеттігі айтылды. Мешіт құжаттарын рәсімдеу жұмыстарына міндетті қызметкерлер тапсырманың орындалуы барысы мен атқарылған жұмыстар жайлы әр ай сайын Діни басқармаға мәлімет беріп отыру жүктелді.
Сонымен бірге Республика көлемінде орналасқан барлық мешіттердің мүліктерін тізімге алу (инвентаризация) мәселесі де талқыланып, нақты жұмыс жоспары бекітілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.11.2014
4361
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру