Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Бекжігітов Жәнділлә Мамытханұлы Мешіт істері бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды.
Б.Ж Мамытханұлы 1982 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Абылай хан атындағы Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетін «филолог, жоғары мектептің араб және ағылшын тілдері мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. Ал, 2009-2011 жылы Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Алғашқы еңбек жолын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Мешіт істері және қажылық бөлімінің референті болып бастаған. Содан кейін 2010, 2012 жылдары Мешіт істері бөлімінің меңгерушісінің міндетін атқарушы болып қызмет атқарған.
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.11.2014
4648
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру