Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Жасан Зекейұлын қабылдады.
Кездесу барысында дін мен дәстүр ел болашағының баянды, тәуелсіздігіміздің кемел болуы жолында алатын орны мен маңызы жайлы сөз болды.
Жасан Зекейұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының дін жолында атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдіріп: «Мешіттерде ұлттық нақышта іс-шаралар ұйымдастырылып, төл руханиятымыз насихатталу үстінде. Дін мен дәстүр жылын жариялап, осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарыңызға Алла Тағала береке берсін. Бұл құптарлық бастама. Төл руханиятын бойына сіңіріп өскен жастар елге қалтқысыз қызмет ететін азамат болып өседі. Жат ағымдардан аулақ болады. Сондықтан бұл бастаманың ел тарихында алар орны ерекше»,-деді.
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.11.2014
4326
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру