Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университеті "Дайындық курсына" талапкерлер шақырады (ВИДЕО)

09.11.2014 4851 0 пікір

Нұр-Мүбарак  университеті  2015-2016 оқу жылына исламтану және араб тілі факултеттеріне түсем деуші талапкерлерді ағымдағы жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсан  аралығында  дайындық курсына оқуға қабылдайды.

Оқу мерзімі - кемі 8 ай. Осы мерзімде  Құран Кәрім, араб тілі, ислам фиқһы, ақида пәндері бойынша жүйелі түрде сабақ жүргізіледі. Сондай-ақ Қазақсатан тарихы мен қазақ тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тест емтихандарына дайындық сабақтары беріледі.

Сабақты Әл-Әзһар университетін  бітіріп келген білікті мамандар  жүргізеді. Дайындық курсына жасы 30-ға толмаған ислам жолымен жүретін тақуа, талапты, қабілетті жастар іріктеліп алынады.

Талапкерлер жатар орынмен, тамақпен қамтамасыз етіледі.

Талап етілетін құжаттар:

    Өтініш;

    Жеке куәлік көшірмесі.

    Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);

    3x4 мөлшердегі 6 фотосурет;

    086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флюрография ;

    Наркологиялық анықтама;

    Психотерапиялық диспансерден анықтама;

    Сотталмағандығы туралы анықтама.

 

Алматы. әл-Фараби даңғылы 73. «академиялық қалашық» аялдамасы.

тел.:8 (727) 302-09-40, 302-09-42.  Факс: 8 (727) 302-09-30.

Ұялы тел: 8 702 624 98 13

Сайт:  www.nmu.kz                                                                                           E-mail: nur-mubarak2001@mail.ru.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру