Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти іс-сапармен Талдықорған қаласына келді

07.11.2014 4973 0 пікір

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Жер жаннаты – Жетісу» өлкесіне іс сапармен келді.

Бас мүфтиді облыс әкімінің орынбасары Серік Мейірханұлы, қала әкімі Ермек Амантайұлы, Алматы облысы дін істер басқармасының бастығы Тәңірберген Қасымақынұлы, Талдықораған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы құрметпен қарсы алды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы іс-сапар барысында облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының қабылдауында болып, ашылатын жаңа мешіттің мән-жайын талқылады. Сонымен қатар Облыс әкімі Бас мүфтидің келуіне орай ақ дастархан жайып, қонақ асын берді.

Облыс әкімі арнайы уақыт бөліп келген Бас мүфтиге өз ризашылығын білдірсе, дінбасымыз да дініміздің жанашыры болған әкім мырзаға ізет-құрметін көрсетті.

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру