Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иман» журналының жаңа саны

03.11.2014 4684 0 пікір

Діни басқарманың дінімізді ханафи мәзһабы аясында насихаттайтын  бірден-бір бірегей басылымы – «Иман» журналының кезекті №11 саны оқырманға жол тартты.

Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен жарияланған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Дәстүріміздің озығын дәріптейік» деген мақаласымен ашылған. Сонымен қатар басылымда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Отанды сүю және ұлтжандылық туралы» пәтуәсы, «Ғибрат» айдарымен ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлының «Кешірімділік кемшілік емес, кеңшілік» атты материалы, «Парыз» айдарымен «Жеке адамның намазы» және «Сұрақ-жауап» айдарымен «Намазды тастап кетудің үкімі қандай?», «Сахих хадис» айдарымен Абдуссамат Махаттың «Алла Тағаланы зікір етпегеннің жағдайы не болмақ?», «Уағыз» айдарымен Осман Нұри Топбаштың «Құранға құрметіміз қаншалық?», «Сүйсініс» айдарымен Алматыдағы Медеу аудандық «Аманқұл ата» мешітінің іс басқарушысы Рысбек Сейдуәлиевпен «Дін қызметіне қайта келген соң ғана жүрегім тынышталды» атты сұқбаты жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол тағы да бірқатар материалдар оқырман назарына ұсынылған. Атап айтқанда:

«Дерт дауасы – дінде» айдарымен «Шипалы дұғалар», «Ой салу» айдарымен «Әке неге қарғады?», «Жанайқай» айдарымен «Жетінші палата», «Боямасыз болмыс» айдарымен «Жолбарыстар хикаясы», «Жатта да айтып жүр» айдарымен «Күнделікті дұғалар», «Зауал» айдарымен «Алланың сынағы», «Даналық» айдарымен «Майқы би Төбейұлы», «Өмірі өнеге» айдарымен «Зекетін бермеген тақуа», «Үлгі» айдарымен «75 жастағы студент әже», «Шипа Алладан» айдарымен «Сәжде – рак ауруына ем», «Білгенге маржан» айдарымен «Азанға құрмет», «Әділдік» айдарымен «Бота дауы», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Нанның қасиеті» деген материалдар да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру