Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти іс-сапармен Жаңаөзен қаласына келді

31.10.2014 4854 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Маңғыстау облысына жасаған сапары барысында Жаңаөзен қаласына барды. Жаңаөзен қаласы әкімі Серікбай Тұрымов Бас мүфтиді ілтипатпен қарсы алды.  Ел ағалары бас қосқан дастархан басында Жаңаөзен қаласы әкімі Серікбай Тұрымов Бас мүфтиге құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты. 

«Елдігіміз бен бірлігімізге нұқсан келмеуіне, іргеміздің сөгілмеуіне сіздердің де қосып жатқан үлестеріңіз зор. Дін - бұл біздің руханиятымыз, дәстүрімізбен тығыз байланысқан  рухани байлықтың қайнар бұлағы. Ендеше Алла Тағала дін жолында жасап жатқан істеріңізге береке берсін, ел қамындағы жұмыстарыңызға жеңілдік берсін!»,- деді қала басшысы С. Тұрымов.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру