Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында екі ай бойы діни һәм дүнияуи ілімдермен сусындаған діндарларға диплом табысталды.
Салтанатты шараға институт директоры Кенжеәлі қажы Мырзабай, ҚМДБ Халал өнімдерді стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, институт қызметкерлері қатысты.
«Институтта алған білімдеріңізді еліміздің игілігіне, бірлігіне, халықтың діни сауатының артуына жұмсауларыңызға тілектеспін. Алла Тағала дін Исламға күш-қуат берсін, халқымыздың бірлігі нығая берсін», – деді Кенжеәлі қажы Мырзабай.
ҚМДБ бөлім меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиевтің аталмыш іс-шараға қатысуының үлкен себебі бар. Өйткені, институтта тұңғыш рет имамдарға халал стандарты туралы дәріс берілді. Сонымен қатар, дүнияуи пәндерден – тарих, шешендік өнер, қазақ тілі мен әдебиеті, информатика, т.б. дәріс жүргізілген болатын.
Биыл 2 айлық діни курсты 70-ден астам имам бітірді. Оларға сертификат берілді.
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.10.2014
4429
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру