Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти «алтын жүректі» жанның сыйлығын табыстады

29.10.2014 4222 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында «Алтын жүрек» сыйлығының иегерін марапаттады.

Ақтөбелік Талғат Маратұлы бірнеше жылдан бері өз қаржысы есебінен ауылға жол салып, білім мекемелерінің құрылысына көмектескен. «Жылдың қайырымды жаны» номинациясын иеленген Талғат Маратұлының сыйлығын Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өз қолымен табыстап: «Осындай қайырымдылық жобаны жыл сайын жүзеге асырып келе жатқан жандарға өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан алғысымды білдіремін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ең жақсы адам – қоғамға пайдасы тиген адам», – деген. Қоғамда қайырымды жандар көбейсе, ізгілік пен игіліктердің есігі ашылады», – деді.

«Алтын жүрек» жобасының ұйымдастыру комитеті жыл сайын қоғамда түрлі салалар бойынша қайырымдылық шараларына мұрындық болған жанашыр жандарды марапаттап келеді. 8 жылдық тарихы бар «Алтын жүрек» жобасы ұлттық жобаға айналып та үлгерді.

ҚМДБ Баспасөз қызметі 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру