Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қалалық ардагерлер үйінде сенбілік өтті. Игі іс-шараға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, жасыл шырша көшетін отырғызды.
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Қиямет боларын біліп тұрсаңда қолыңдағы бір түп ағашты отырғызып қал»,- деп өсиет еткен. Сондықтан ағаш егіп, қоршаған ортаны көгалдандыру дініміз Исламда үлкен сауапқа кенелтетін істің бірі. Шараның басты мақсаты жастарды қарттарға қамқорлық жасауға, ата-баба аманатын аялауға баулу. Сонымен қатар, жасөспірімдерді табиғатқа деген сүйіспеншілікке, мейірімділікке шақыру арқылы туған жерге, елге деген сезімін ояту»,- деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Аталмыш игі шараға Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет пен қала мешіттерінің имамдары және медресе шәкірттері қатысты.
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.10.2014
4604
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру