Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажылықты аяқтаған мұсылмандар Мединеге келді

10.10.2014 4836 0 пікір

9.10.2014

Мұсылман баласы үшін сауабын сөзбен жеткізу мүмкін емес үлкен қажылықты аяқтаған жамағат Медине қаласына табан тіреді. Мұхаммед пайғамбарымыз мекен етіп,жан тәсілім еткен мекеннің қадірі ерекше. Мединеде жасалған дұғалар қабыл болады және әр рәкат намаздың өзіне қисапсыз сауап жазылады.

Меккеде Қасиетті Қағбадағы тауабын аяқтаған мұсылман баласына Мединеге келіп құлшылық қылу сүннет. Қасиетті қалаға табаны тиген жан алдымен Құба мешітінде намаз оқиды. Бұл Алла үйін осы жерде 14 күн аялдаған Мұхаммед Пайғамбарымыз өзі салдырған. Сол себепті мұнда қылған құлшылық Умра, яки кіші қажылықты өтегенмен бірдей. Мединенің тағы бір жауһары – Ислам дінін ұлықтайтын ең ежелгі дүниелер сақталған мұражай. Мұнда алғаш Құран түскен тау бөктері, Пайғамбарымыздың үйі, Ухуд тауындағы соғыста қаза тапқан сахабалардың жерленген жері де қаз-қалпында қойылған. Және Құранның алғаш толық жиналған нұсқасы бар. Бұдан бөлек, Мединеге келген мұсылман соқпай кетпейтін мекен – Қос құбылалы мешіт тұр.

 Жәнділдә Мамытханұлы, қажы:

-Ол кезде барлық мұсылмандар қазіргі Иерусалимдегі Ақса мешітіне қарап намаз оқитын болған. Құбыла сол тарап болған. Парыз намазын сахабаларымен оқып жатқан кезде бетін Меккеге қазіргі Құбылаға бұру әмір етіледі. Сол кезде Пайғамбарымыз намаз үстінде тұрып, жүзін Ақса мешітінен қазіргі Құбыла Мекке тарапына бұрады.

Мединедегі ең басты құлшылық орталығы – Харам мешіті. Бұл жерде Пайғамбарымыздың қабірі бар, кейін кеңейтіліп, қоршалып мешітке айналған. Мұнда намаз оқыған пендеге мың рәкат намаздың сауабы жазылады. Құлшылық жасаған мұсылман баласы жамағатпен бірге алға жүріп, Мұхаммед Пайғамбарымыздың қабірінің қапталынан өткенде оң қолын көтеріп сәлем береді.

-Әлемде қылған құлшылығына сансыз сауап жазылатын мүмін мұсылманның жетуге асығатын қос мешіті Әл Харам деп аталады. Бұған дейінгі репортаждарымызда Меккеде Қағба орналасқан Алла үйін көрдіңіздер. Екіншісі осы Мединеде Пайғамбарымыз жерленген мешіт. Қазір Харамның айналасында қызу жұмыс, Меккедегідей мұнда да мешіттің аумағы кеңейтілуде. Сол үшін бірнеше қонақ үй мен сауда орындары сүріліп тасталған. Мұның бәрі құлшылыққа келетін мұсылмандарға қолайлы болу үшін жасалып жатыр.

 

Нартай Аралбайұлы
ktk.kz

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру