Осыдан бірер күн бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жерлестерімізді қажылық сапарына шығарып саларда олардан қасиетті мекенге барғанда еліміз бен жеріміздің тыныштығы, бірлігі мен берекесі үшін дұға етулерін сұраған болатын.
Арапа күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық миссиясының ұйымдастыруымен жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де барша қазақстандық қажылар Арафада тұрып дұға жасады. Елге, жұртқа тыныштық пен береке тілеген қажыларымыздың елге деген сағынышы мен қасиетті мекендегі ерекше сезімдері жүректерін толқытып, көңілдерін де босатты.
Алла Тағала жерлестеріміздің жасаған дұға-тілектерін қабыл алып, аман-есен елге оралуын нәсіп еткей!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.10.2014
4317
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру